Қатынас кодтары
PIN немесе
PIN2 коды
(4-8 сан)
бұлар SIM картаңызды рұқсатсыз пайдаланудан
қорғайды немесе кейбір мүмкіндіктерді
пайдалану үшін қажет.
Телефонды қосқан кезде PIN кодын сұрайтын
етіп орнатуға болады.
Кодтар картаңызбен бірге берілмеген болса
немесе оларды ұмытып қалсаңыз, қызмет
провайдеріне хабарласыңыз.
Кодты қатарынан үш рет қате енгізсеңіз, кодтың
құлпын PUK немесе PUK2 кодымен ашу қажет.
PUK немесе
PUK2 коды
(8 сан)
Бұлар PIN немесе PIN2 кодының құлпын ашу
үшін керек.
SIM картаңызбен берілмеген болса, қызмет
провайдеріне хабарласыңыз.
IMEI нөмір
(15 сан)
Бұл желідегі жарамды телефондарды анықтау
үшін қолданылады. Нөмірді, мысалы, ұрланған
телефондарды құлыптау үшін де пайдалануға
болады. Сондай-ақ, нөмірді Nokia Care
қызметтеріне беруіңіз қажет болуы мүмкін.
IMEI нөмірін көру үшін *#06# нөмірін теріңіз.
Құлыптау коды
(қауіпсіздік
коды)
Бұл телефонды рұқсатсыз пайдаланудан
қорғауға көмектеседі.
97
(мин. 5 сан)
Телефонды өзіңіз анықтаған құлыптау кодын
сұрайтын етіп орнатуға болады. Әдепкі
құлыптау коды — 12345.
Кодты құпия және қауіпсіз, телефоннан бөлек
жерде ұстаңыз.
Кодты ұмытып, құрылғыңыз құлыптанып қалса,
телефонды қызмет көрсету маманына көрсету
қажет болады. Қосымша ақы алынуы және бүкіл
жеке деректеріңіз телефоннан жойылуы
мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін Nokia Care
орталығымен немесе телефоныңыз дилерімен
байланысыңыз.
98