Nokia Asha 311 - Қауіпсіздік

background image

Қауіпсіздік

Осы қарапайым нұсқауларды

оқыңыз. Бұларды қадағаламау

қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін.

Қосымша ақпаратты толық

пайдаланушы нұсқаулығынан

оқыңыз.

ПАЙДАЛАНУ

ШЕКТЕЛГЕН

ЖЕРЛЕРДЕ ҚҰРЫЛҒЫНЫ

ӨШІРІП ҚОЙЫҢЫЗ

Мобильді телефонды қолдануға

рұқсат берілмегенде немесе ол

кедергі мен қауіп-қатер тудырған

жағдайда (мысалы, ұшақта,

емханаларда немесе медициналық

жабдықтың, жанармайдың,

химиялық заттардың немесе

жарылысқа жақын жерлерде),

құрылғыны өшіріңіз. Тыйым

салынған жерлердегі нұсқаулардың

барлығын орындаңыз.

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ

БІРІНШІ ОРЫНДАУ

БОЛУЫ ТИІС

Жергілікті жердің барлық

талаптарын орындаңыз. Әрқашан

көлік жүргізу кезінде қолыңызды

бос ұстаңыз. Көлік жүргізу кезіндегі

бірінші ескеретініңіз жол қауіпсіздігі

болуы тиіс.

КЕДЕРГІЛЕР

Барлық сымсыз

құрылғылардың жұмысының

орындалуына кедергілер әсер етуі

мүмкін.

МАМАНДЫРЫЛҒАН

ҚЫЗМЕТ

Бұл құрылғыны тек маманданған

қызметкерлер ғана орнатуы немесе

жөндеуі тиіс.

ҚҰЛАҒЫҢЫЗДЫ

ҚОРҒАҢЫЗ

Ықтимал есту зақымын болдырмау

үшін жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ

уақыт бойы тыңдамаңыз. Үндеткіш

қосылып тұрған кезде құрылғыны

құлағыңызға жақын ұстағанда

абайлаңыз.

Мүмкіндіктің арнайы

нұсқаулары

1

Маңызды: Бұл құрылғы

стандартты SIM картасымен (суретті

қараңыз) ғана пайдалануға

арналған. Сәйкес келмейтін SIM

карталары құрылғы мен картаны

зақымдауы, сондай-ақ картадағы

деректерді бүлдіруі мүмкін. mini-

UICC ойығы бар SIM картасын

пайдалану туралы кеңесті мобильді

байланыс операторыңыздан

алыңыз.

99

background image

2

Ескерту Ұшу режимі іске

қосылған кезде, қоңырау, соның

ішінде төтенше шалу немесе

қабылдау, желі қызмет ету аясын

қажет ететін басқа да әрекеттер

түрін орындау мүмкін болмайды.

Қоңырау шалу үшін, басқа бір

режимді іске қосыңыз.

3 Сіздің құрылғыңыздың ішкі

және сыртқы антеннасы болуы

мүмкін. Антенна сигнал таратып

немесе қабылдап тұрғанда антенна

аумағына қажетсіз тиіспеңіз.

Антеннаға тиіскеннен байланыс

сапасына әсер етіп, жоғары қуат

деңгейімен жұмыс істеуіне себеп

болуы мүмкін, тіпті батареяның

зарядын азайтуы мүмкін.
Осы құрылғымен тек Nokia

мақұлдаған жад карталарын

қолданыңыз. Сәйкес келмейтін

карталар құрылғыға және картаға

нұқсан келтіреді және ондағы

деректерді жойып жіберуі мүмкін.
Құрылғы сыйымдылығы ең көбі 32

ГБ болатындай microSD карталарын

қолдайды.

Маңызды: Қолданба жад

картасын пайдаланып жатқанда,

оны шығарып алмаңыз. Оны

орындамау салдарынан құрылғыға

және картаға зиян келуі мүмкін және

картадағы деректерді бүлдіруі

мүмкін.

4

Маңызды: Сенсорлы экран

бетінің сызылуына жол бермеңіз.

Сенсорлы экранға ешқашан қалам,

қарындаш немесе басқа да үшкір

заттар қолданбаңыз.
Радио тыңдау үшін, құрылғыға

үйлесімді шағын гарнитура жалғау

керек. Құлақаспап антенна қызметін

атқарады.
Әлеуметтік желі қызметтері үшінші

тарап ұсынатын қызметтер болып

табылады және оларды Nokia

компаниясы қамтамасыз етпейді.

Өзіңіз пайдаланатын әлеуметтік

желі қызметінің құпиялық

параметрлерін тексеріңіз, себебі

ақпаратыңыз үлкен топтың ішінде

таратылуы мүмкін. Әлеуметтік желі

қызметін пайдалану шарттары осы

қызметте ақпарат бөлісуге де

қолданылады. Сол қызметтің

100

background image

пайдалану шарттары мен құпиялық

тәжірибесімен танысыңыз.
Әлеуметтік желілік қызметтерді

пайдалану желіні қолдауды қажет

етеді. Бұған үлкен көлемді

деректерді жіберу мен тиісті

деректер трафигінің құны кіреді.

Деректерді тасымалдау ақысы

туралы ақпаратты провайдерден

алыңыз.
Communities қолданбасын

пайдалану мүмкіндігі барлық

аймақтарда бола бермеуі мүмкін.

Әлеуметтік желілік қызметтердің

қолдауына ие мүмкіндіктер ғана қол

жетімді.

5 Таңбалар саны бір хабарға

қойылатын шектеуден асатын мәтін

хабарларын жіберуіңізге болады.

Ұзынырақ хабарламалар екі немесе

одан да көп хабарламалар түрінде

жіберіледі. Сіздің қызмет

көрсетушіңіз тиісті ақы алуы мүмкін.
Екпінді таңбалар, басқа белгілер

немесе кейбір тіл опциялары

көбірек орын алып, бір хабарда

жіберуге болатын таңбалардың

санын шектейді.

6 Егер мультимедиалық хабарға

енгізілген мазмұн желі үшін тым

үлкен болса, құрылғы өлшемді

автоматты түрде кішірейтуі мүмкін.

7 Мультимедиалық хабарларды

тек үйлесімді құрылғылар алып,

көрсете алады. Хабарлар әртүрлі

құрылғыларға әртүрлі көрінуі

мүмкін.

8 Қызметті қолдану немесе

мазмұнды жүктеп алу үлкен

мөлшерде деректердің

тасымалдануына апаруы мүмкін.

Бұның нәтижесінде дерек трафигі

үшін ақы алынуы мүмкін.
Суретті хабарлар әртүрлі

құрылғыларда әртүрлі көрінуі

мүмкін.
Құрылғыға сигнал шығаратын

өнімдерді жалғамаңыз. Бұл

құрылғыны зақымдауы мүмкін.

Nokia AV ұясына қандай да бір

кернеу көзін қоспаңыз. Осы

құрылғымен бірге қолдану үшін

Nokia мақұлдаған түрлерден басқа

кез келген сыртқы құрылғы немесе

құлақаспапты Nokia AV ұясына

қоссаңыз, дыбыс деңгейіне баса

назар аударыңыз.

Маңызды: Орынды бөлісу

алдында, кіммен бөлісіп

жатқаныңызға әрқашан аса назар

аудару керек. Өзіңіз пайдаланатын

101

background image

әлеуметтік желі қызметінің

құпиялық параметрлерін тексеріңіз,

себебі орын туралы мәлімет үлкен

топтың ішінде таратылуы мүмкін.

9 Егер батарея заряды

толығымен таусылған болса,

зарядтау көрсеткіші шыққанша

немесе қоңырау шалу мүмкін

болғанша бірнеше минут өтуі

мүмкін.
Барлық тиісті қауіпсіздік талаптарын

орындаңыз.
Әлеуметтік желі қолданбаларынан

хабарландыруларды өшіру үшін

қолданбалар экранында

Уведомления > > параметры

бөлімін таңдаңыз.

Желі қызметтері мен

бағалары

Құрылғыңыз келесіде пайдалану

үшін бекітілген: WCDMA 850, 900,

1700, 1900, 2100 және HSPA EGSM

850, 900, 1800, 1900 МГц желілері .

Телефонды қолдану үшін, қызмет

провайдерінің қызметтеріне

жазылуыңыз қажет.
Кейбір мүмкіндіктерді қолдану

немесе мазмұнды құрылғыға жүктеп

алу үшін желілік байланыс қажет

және оның нәтижесінде деректер

трафигі үшін ақы алынуы мүмкін.

Өнімнің кейбір мүмкіндіктері желі

қолдауын қажет етеді және оларға

жазылу қажет болуы мүмкін.

Құрылғы күтімі

Құрылғыны, батареяны,

зарядтағышты және көмекші

құралдарды ұқыптап ұстаңыз.

Төмендегі ұсыныстар кепілдігіңіздің

күшін сақтауға көмектеседі.

Құрылғыны шаң немесе лас

жерлерде пайдаланбаңыз

немесе сақтамаңыз.

Қозғалмалы бөліктері мен

электрондық бөлшектері

зақымдануы мүмкін.

Құрылғыны жоғары

температурада сақтамаңыз.

Жоғары температура

құрылғының қызмет мерзімін

қысқартып, батареяларды

зақымдауы және пластик

бөліктерінің қалпын бұзуы

немесе балқытып жіберуі

мүмкін.

Құрылғыны суық

температурада сақтамаңыз.

Құрылғы қалыпты

температураға дейін

жылығанда, оның ішінде

ылғал пайда болып,

электрондық тізбек

102

background image

тақталарын зақымдауы

мүмкін.

Құрылғы пайдаланушы

нұсқаулығында

көрсетілгеннен басқа

жолдармен ашуға болмайды.

Рұқсат берілмеген өзгерістер

құрылғыны зақымдап, радио

құрылғыларды реттейтін

ережелерді бұзуы мүмкін.

Құрылғыны лақтырушы,

соғушы немесе шайқаушы

болмаңыз. Ұқыпсыз

пайдаланудан ішкі тізбек

тақталары мен механизмдер

зақымдануы мүмкін.

Құрылғының бетін тазалау

үшін тек жұмсақ, таза, құрғақ

шүберекті пайдаланыңыз.

Құрылғыны боямаңыз. Бояу

қозғалатын бөлшектерінің

қозғалысын қиындатып,

дұрыс жұмыс істеуіне кедергі

келтіруі мүмкін.

Құрылғы жақсы жұмыс істеуі

үшін, мезгіл-мезгіл құрылғыны

өшіріп, батареяны алып

тұрыңыз.

Құрылғыңызды магниттерден

немесе магнит өрістерінен

алыс сақтаңыз.

Маңызды деректерді қауіпсіз

сақтау үшін, оны құрылғы, жад

картасы немесе компьютер

сияқты кемінде екі бөлек

жерде сақтаңыз немесе

маңызды ақпаратты қағазға

жазып қойыңыз.

Ұзақ жұмыс істеген кезде, құрылғы

қызуы мүмкін. Көп жағдайда, бұл

қалыпты жағдай болып табылады.

Егер құрылғының дұрыс жұмыс

істемейтінінен күмәнді болсаңыз,

оны ең жақын орналасқан өкілетті

қызмет көрсету орнына апарыңыз.

Қайта пайдалану

Әрдайым пайдаланылған

электрондық бұйымдарды,

батареяларды және орауыш

материалдарды арнаулы жинау

орнына өткізіңіз. Осылайша сіз

қалдықтың қараусыз тасталуына

жол бермей, материалдардың қайта

пайдаланылуына көмектесесіз.

Nokia өнімдерін қайта өңдеу

жолдарын мына тораптардан

қараңыз: www.nokia.com/recycling .

103

background image

Үсті сызылған дөңгелегі бар

себет белгісі

Бұйымдағы қиылысқан сызығы бар

дөңгелекшелі кәрзеңке белгісі,

нұсқаулық немесе орауыш барлық

электр және электрондық

бұйымдардың, батареялардың және

аккумулятордың жұмыс мерзімі

біткеннен кейін бөлек жиналуы

керек екенін есіңізге салады. Бұл

талап Еуропалық Одақта

қолданылады. Бұл бұйымдарды

сұрыпталмаған қалалық қоқысқа

тастамаңыз. Қоршаған орта туралы

қосымша ақпарат алу үшін,

www.nokia.com/ecoprofile

торабынан өнімнің экологиялық

профилін қараңыз.

Сандық құқықтарды басқару

туралы

Құрылғыны пайдаланған кезде

барлық заңдарға бағынып, басқа

тараптардың жергілікті кедендік,

құпиялылық және заңды

құқықтарын, оның ішінде авторлық

құқықтарын құрметтеңіз. Авторлық

құқықтар суреттерді, әуендерді

және басқа мазмұнды көшіруге,

өзгертуге немесе тасымалдауға жол

бермеуі мүмкін.
Бөлік иелері зияткерлік

байлықтарын, оның ішіндегі

авторлық құқықтарын қорғау үшін

сандық құқықтарды басқару

технологияларының барлық түрін

қолдана алады. Бұл құрылғының

СҚБ қорғалған бөлігін алу үшін СҚБ

барлық түрін қолдану керек. Осы

құрылғымен OMA DRM 2.0 & 2.1

қорғалған мазмұнға қол жеткізе

аласыз. Егер сандық құқықтарды

басқару бағдарламасы бөліктерді

қорғай алмаса, бөліктің иелері

сандық құқықтарды басқару

бағдарламасының жаңа сандық

құқықтарды басқарудың қорғалған

үлесінің төмендеуін алуы жайында

сұрауы мүмкін. Күшін жою сіздің

құрылғыңыздағы сандық

құқықтарды басқарудың қорғалған

үлесінің қайта жөндеуіне кедергі

болуы мүмкін. СҚБ

бағдарламаларының күшін жою СҚБ

басқа түрлері немесе СҚБ емес

бағдарламалар арқылы қорғалған

үлес қолданысына әсерін тигізбейді.
Сандық құқықтарды басқарумен

қорғалған мазмұн мазмұнды

пайдалану құқықтарыңызды

104

background image

анықтайтын байланысты

лицензиямен беріледі.
Құрылғының OMA DRM арқылы

қорғалған мазмұны болса,

лицензиялар мен мазмұнның сақтық

көшірмесін Nokia Suite сақтық

көшірме мүмкіндігімен жасаңыз.
Басқа тасымалдау әдістері құрылғы

жады форматталғаннан кейін OMA

DRM арқылы қорғалған мазмұнын

пайдалана беру үшін сізге

мазмұнмен қалпына келтірілуге

тиісті лицензияларды бере алмауы

мүмкін. Сондай-ақ құрылғыңыздағы

файлдар бүлінген жағдайда

лицензияларды қалпына келтіру

керек болуы мүмкін.
Құрылғыда WMDRM арқылы

қорғалған мазмұн болса,

құрылғының жады пішімделгенде,

лицензиялар мен мазмұн жоғалады.

Сондай-ақ құрылғыдағы файлдар

бүлінген жағдайда лицензиялар мен

мазмұн жоғалуы мүмкін.

Лицензиялар немесе мазмұнды

жоғалту сол мазмұнды құрылғыда

пайдалану мүмкіндігін шектейді.

Көбірек мәлімет алу үшін қызмет

көрсетушіңізбен байланысыңыз.

Кеңестер мен ұсыныстар

Nokia қызметінен телефонның және

қызметтердің артықшылықтарын

толық пайдалануға мүмкіндік

беретін арнайы дайындалған тегін

мәтінді хабарлар жіберіледі.

Хабарларда кеңестер, амал-

тәсілдер және қолдау беріледі.
Хабарларды алмау үшін, парам. > уч.

запись Nokia > Советы и

предложен. опциясын таңдаңыз.
Жоғарыда сипатталған қызметті

көрсету үшін, телефонды алғаш

пайдаланған кезде, Nokia

компаниясына ұялы телефон

нөміріңіз, телефоныңыздың

сериялық нөмірі және мобильді

жазылымның кейбір

идентификаторлары жіберіледі.

Бағдарламалық құралды

жаңартқанда да кейбір немесе

барлық мәліметтер Nokia

корпорациясына жіберілуі мүмкін.

Бұл ақпарат құпиялық саясатында (

www.nokia.com торабынан көруге

болады) көрсетілгендей

пайдаланылуы мүмкін.

105

background image

Батареялар және

зарядтағыштар

Батарея мен зарядтағыш

туралы ақпарат

Бұл құрылғы BL-4U зарядталатын

батареямен пайдалануға арналған.

Nokia бұл құрылғы үшін қосымша

батарея түрлерін шығаруы мүмкін.

Әрқашан Nokia корпорациясы

шығарған батареяларды

пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан

қуат алу кезінде пайдалануға

арналған: AC-11 . Nokia

зарядтағышы үлгісінің нақты нөмірі

қосқыш түріне қарай әртүрлі

болады, олар E, X, AR, U, A, C, K, B

немесе N әріптері бойынша

анықталады.
Батареяны жүздеген мәрте

зарядтап, зарядсыздандыруға

болады, бірақ ол ақыры тозады.

Сөйлесу және күту режимдері

көрсетілген қалыпты уақыттан

қысқарғанда, батареяны

ауыстырыңыз.

Батарея қауіпсіздігі

Батареяны шешіп аларда әрқашан

құрылғыны өшіріп, зарядтағышты

ажыратыңыз. Зарядтағышты немесе

қосымша аспапты

ажыратқаныңызда, сымнан емес,

ашаның өзін ұстап тартыңыз.
Зарядтағыш пайдаланылмаған

кезде, оны розетка мен құрылғыдан

ажыратып қойыңыз. Толық

зарядталған батареяны

зарядтағышқа қосулы күйде

қалдырмаңыз, себебі асыра

зарядтау батареяның қызмет

мерзімін қысқартуы мүмкін. Егер

пайдаланусыз қалса, зарядталған

батарея уақыт өтісімен өзінің

зарядын жоғалтады.
Батареяны әрдайым 15°C пен 25°C

(59°F пен 77°F) температура

аралығында сақтаңыз. Шамадан тыс

температура батареяның

сыйымдылығын азайтып, қызмет

мерзімін қысқартады. Батареясы

ысып кеткен немесе суынған

құрылғы уақытша жұмыс істемей

қалуы мүмкін.
Қысқа тұйықталу металл зат

батареяның металл жолақтарына

тигенде, мысалы, қалтаңызға

қосалқы батарея салып

жүргеніңізде кездейсоқ орын алуы

мүмкін. Қысқа тұйықталу батареяны

немесе байланыстырғыш затты

бүлдіруі мүмкін.

106

background image

Батареяларды отқа тастамаңыз,

себебі олардың жарылуы мүмкін.

Батареяларды жергілікті құзырлы

органдардың ережелеріне сәйкес

пайдаланыңыз. Мүмкін болған

жағдайда қайта өңдеуге жіберіңіз.

Тұрмыстық қалдық түрінде қоқысқа

тастамаңыз.
Батареяларды немесе ұяшықтарын

аршымаңыз, кеспеңіз, ашпаңыз,

қыспаңыз, майыстырмаңыз,

теспеңіз немесе майдаламаңыз.

Батареядан сұйықтық ақса,

батареяның сұйықтығын теріге

немесе көзге тигізіп алмаңыз.

Осындай жағдай орын алса, тиген

жерді бірден сумен жуыңыз немесе

медициналық көмек алыңыз.
Батареяның түрін өзгертпеңіз, қайта

жасамаңыз, басқа заттарды оның

ішіне салуға талпынбаңыз немесе

оны суға немесе басқа

сұйықтықтарға батырмаңыз немесе

салмаңыз. Батареялар бүлінгенде

жарылуы мүмкін.
Батарея мен зарядтағышты тек

олардың арнаулы мақсаттарына сай

пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген

батареяларды немесе үйлесімсіз

зарядтағыштарды пайдалану

немесе оларды дұрыс пайдаланбау

өрт, жарылыс қаупін немесе басқа

қауіп төндіруі және кез келген

рұқсатты немесе кепілдікті күшінен

айыруы мүмкін. Егер батарея немесе

зарядтағыш бүлінген деп

ойласаңыз, оны пайдаланар

алдында тексерту үшін қызмет

көрсету орталығына алып барыңыз.

Зақымдалған батареяны немесе

зарядтағышты ешқашан

пайдаланбаңыз. Зарядтағышты тек

жабық жай ішінде пайдаланыңыз.

Қауіпсіздік туралы қосымша

ақпарат

Төтенше қоңырау шалу

1

Құрылғының қосулы болуын

қамтамасыз етіңіз.

2

Сигнал күшінің жеткіліктілігін

тексеріңіз. Сондай-ақ,

төмендегілерді істеуіңіз қажет

болуы мүмкін:
• SIM картасын құрылғыға

салыңыз.

• Құрылғыдағы қоңырауға

тыйым салу, бекітілген

нөмір теру немесе жабық

абоненттер тобы сияқты

қоңырау шектеулерін

ажыратыңыз.

• Ұшу режимі қосылмағанын

тексеріңіз.

107

background image

• Құрылғы экраны мен

пернелері құлыптанған

болса, құлпын ашыңыз.

3

Аяқтау түймесін басты экран

көрсетілгенше қайталап

басыңыз.

4

Нөмір тергішті шығару үшін,

белгішесін басыңыз.

5

Жергілікті аймақтағы ресми

жедел жәрдем нөмірін теріңіз.

Жедел қоңырау шалу

нөмірлері әр жерде әртүрлі

болады.

6

Шақыру түймесін басыңыз.

7

Қажетті ақпаратты

мүмкіндігінше дәл беріңіз.

Рұқсат берілгенге дейін

қоңырау шалуыңызды

аяқтамаңыз.

Маңызды: Құрылғы интернет

қоңырауларын қолдаса, интернет

және ұялы телефон

қоңырауларының екеуін де іске

қосыңыз. Құрылғы ұялы желі

арқылы да, интернет қоңырауы

провайдері арқылы да төтенше

қоңырау шалуға әрекеттенуі мүмкін.

Байланыстың барлық жағдайда

орнатылатынына кепілдік беру

мүмкін емес. Медициналық жәрдем

шақыру сияқты маңызды байланыс

орнату үшін тек сымсыз құрылғыға

сенім артушы болмаңыз.

Кішкентай балалар

Құрылғы мен оның аксессуарлары

ойыншық емес. Олардың құрамында

кішкентай бөлшектердің болуы

мүмкін. Оларды кішкентай

балалардан аулақ ұстаңыз.

Медициналық құрылғылар

Радио хабар тарату жабдығының,

соның ішінде, сымсыз телефонның

жұмысы жеткілікті қорғалмаған

медициналық құрылғылардың

жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.

Сыртқы радио жиілік қуатынан

жеткілікті түрде қорғалғанын

анықтау үшін, физикпен немесе

медициналық құрылғының

өндірушісімен ақылдасыңыз.

Алмастырылған

медициналық құрылғылар

Медициналық құрылғыға кедергі

жасауға жол бермеу үшін

медициналық құрылғыларды

өндірушілер сымсыз құрылғы мен

имплантация жасайтын

медициналық құрылғылар, мысалы,

электрондық жүрек стимуляторы

немесе имплантация жасайтын

кардиовертер-дефибриллятор

арасындағы қашықтық кемінде 15,3

108

background image

сантиметрді (6 дюйм) құрауы тиіс

деген кеңес береді. Мұндай

құрылғыларға ие адамдар

төмендегілерді орындауы тиіс:

Әрдайым сымсыз құрылғыны

медициналық құрылғыдан

15,3 сантиметр (6 дюйм) алыс

ұстаңыз.

Сымсыз құрылғыны төс

қалтаға салып жүрмеу керек.

Сымсыз құрылғыны

медициналық құрылғыға

қарама-қарсы жақтағы

құлағыңызға ұстаңыз.

Кедергі барынан күмәнданған

жағдайда, сымсыз құрылғыны

өшіру керек.

Имплантация жасайтын

медициналық құрылғыға

қатысты өндіруші

нұсқауларын орындаңыз.

Егер сізде алмастырылған

медициналық құрылғыны сымсыз

құрылғымен пайдалану жөнінде

сұрақтарыңыз болса, денсаулық

сақтау орталығымен кеңесіңіз.

Есту қабілеті

Ескерту Шағын гарнитураны

пайдалану сыртқы дыбыстарды есту

қабілетіңізге әсер етуі мүмкін.

Қауіпсіздігіңізге қатер төндіретін

жағдайда шағын гарнитураны

пайдаланбаңыз.
Кейбір сымсыз құрылғылар кейбір

есту аппараттарына кедергі келтіруі

мүмкін.

Никель

Бұл құрылғының бетінде никель

болмайды.

Құрылғыны зиянды

мазмұннан қорғау

Құрылғыңыз вирус және басқа

зиянды мазмұнның шабуылына

ұшырауы мүмкін. Төмендегі сақтық

шараларын орындаңыз:

Хабарларды ашқанда сақ

болыңыз. Олардың құрамында

зиянды бағдарламалар

немесе құрылғыңызды немесе

компьютеріңізді зақымдайтын

басқа да зиянды нәрселер

болуы мүмкін.

Байланыс сұрауларын

алғанда, интернетті шолғанда

немесе мазмұнды жүктеп

алғанда сақ болыңыз. Сенімсіз

көздерден Bluetooth

байланыстарын

қабылдамаңыз.

109

background image

Тек сенімді және жеткілікті

қауіпсіздік пен қорғау

мүмкіндігін ұсынатын

көздерден алынған қызметтер

мен бағдарламаларды

орнатып, пайдаланыңыз.

Құрылғыңызға және кез

келген қосылған компьютерге

вирусқа қарсы және

қауіпсіздікті қамтамасыз ету

бағдарламаларын орнатыңыз.

Бір уақытта тек бір

антивирустық қолданбаны

пайдаланыңыз. Бірнешеуін

қолдану құрылғының және/

немесе компьютердің

өнімділігі мен жұмысына әсер

етуі мүмкін.

Егер үшінші тараптардың

алдын ала орнатылған

бетбелгілері мен сілтемелерін

пайдалансаңыз, тиісті сақтық

шараларын қолданыңыз.

Nokia мұндай тораптарды

мақұлдамайды және олар үшін

жауап бермейді.

Жұмыс істеу ортасы

Бұл құрылғы құлақ тұсында немесе

денеден кемінде 1,5 сантиметр (5/8

дюйм) аулақ қалыпты пайдалану

кезінде, радио жиілікке шалдығу

ережелеріне сәйкес келеді.

Тасымалдау сөмкесінде, белдік

қысқышта немесе арқалап алуға

арналған ұстағышта метал болмауы

керек және құрылғыны денеңізден

жоғарыда көрсетілген аралықта

ұстаңыз.
Деректер файлдары мен

хабарларды жіберу үшін желіге

сапалы байланыс орнатылуы керек.

Сапалы байланыс қатынаулы

болмайынша, деректер

файлдарының немесе хабарлардың

кешіктірілуі мүмкін. Берілу

аяқталғанша, бөлектеу

қашықтығына қатысты нұсқауларды

орындаңыз.

Көлік құралдары

Радио сигналдары көліктердегі

дұрыс орнатылмаған немесе

жеткілікті қорғалмаған

электрондық жүйелерге, мысалы,

электрондық жанармай бүрку

жүйесіне, тежеуге қарсы

электрондық құлып жүйесіне,

электрондық жылдамдықты

бақылау жүйесіне және қауіпсіздік

жастықшасының жүйесіне әсер етуі

мүмкін. Толық ақпарат алу үшін

көлігіңіздің немесе оның

жабдығының өндірушісімен

тексеріңіз.

110

background image

Құрылғыны көлікке тек білікті

қызметкерлер орнатуы тиіс. Дұрыс

орнатпау немесе қызмет көрсетпеу

қауіпті және кепілдігіңізді жарамсыз

етуі мүмкін. Көліктегі барлық

сымсыз құрылғылардың дұрыс

орнатылғанын және жұмыс істеп

тұрғанын тұрақты тексеріп

отырыңыз. Тез тұтанғыш

сұйықтықтарды, газдарды немесе

жарылғыш заттарды құрылғымен,

оның бөліктерімен немесе қосалқы

құралдарымен бір бөлімде

сақтамаңыз. Қауіпсіздік

жастықшаларының қатты күшпен

ашылатынын ұмытпаңыз.

Құрылғыңызды немесе

аксессуарларын қауіпсіздік

жастықшасы ашылатын жерге

қоймаңыз.

Жарылыс ықтималы бар

орталар

Жарылыс ықтималы бар (мысалы,

қызмет көрсету станцияларындағы

бензин сорғыларының жанында) кез

келген жерде құрылғыны өшіріңіз.

Мұндай аймақта ұшқынның пайда

болуы дене жарақатына немесе

өлімге әкеп соғатын жарылысқа

немесе өртке себепші болуы мүмкін.

Жанармай құю станцияларында,

сақтау және тарату аймақтарында,

химиялық зауыттарда немесе

жарылыс жұмыстары орындалып

жатқан жерлерде шектеулерді

қадағалаңыз. Жарылу қаупі бар

атмосфералы аймақтар жиі

таңбаланады. Бірақ бұл таңбалар

әрқашанда анық бола бермейді.

Олар көлігіңіздің қозғалтқышын

өшіріп қоюға кеңес беретін

аймақтарды, кемелердегі

палубалардың астын, химиялық

заттарды таситын немесе сақтайтын

орындарды және ауаның құрамында

химиялық заттар немесе астық, шаң

немесе металл ұнтақтары сияқты

заттар болатын жерлерді қамтиды.

Олардың аймағында осы

құрылғыны пайдалану қауіпсіз бе,

жоқ па анықтау үшін (пропан немесе

бутан сияқты) мұнай газдарды

пайдаланатын көлік

өндірушілерімен ақылдасуыңыз

қажет.

Куәландыру туралы ақпарат

(ҮСД)

Құрылғы радио толқындарының

әсері нұсқауларына сәйкес келеді.
Сіздің мобильді құрылғы радио

хабаршысы және радио

қабылдағыш ретінде де

қолданылады. Ол халықаралық

нұсқаулармен бекітілген радио

толқындар әсері шектеуінен

111

background image

шықпайтындай етіліп жасақталған.

Бұл ережелер ICNIRP тәуелсіз

ғылыми ұйымымен жетілдіріліген

және барлық адамдарды жасына

және денсаулығына қарамастан

қорғауға кепілдік беру үшін

дайындалған қауіпсіздік шараларын

қамтиды.
Мобильді құрылғы нұсқаулары

Үлестік сіңіру деңгейі немесе ҮСД

өлшем бірлігін қолданылады. ICNIRP

бекіткен ҮСД шектеуі дененің 10

грамы үшін 2,0 ватт/килограмм

(Вт/кг) құрайды. ҮСД үшін

тексерулер барлық тексерілген

жиілік белдеулеріндегі жоғарғы

рұқсат етілген қуатты құрылғыға

стандартты жұмыс күйін қолданады.

Жұмыс үстіндегі құрылғының ҮСД

көрсеткіші ең жоғарғы дыбыс

деңгейінен төмен болуы мүмкін,

себебі құрылғы желіге жететін ғана

қажетті қуатты пайдаланады. Бұл

мөлшер бірнеше факторларға,

мысалы сіздің желі негізі бекетіне

қаншалықты жақын

орналастыруыңызға байланысты

өзгереді.
Құрылғыны құлаққа тигізіп

пайдалануға арналған ICNIRP

ережелері бойынша ең жоғарғы ҮСД

мәні - 1,37 W/кг .

Құрылғының қосымша аспаптарын

қолдану нәтижесінде әртүрлі ҮСД

мәндері шығады. ҮСД мәндері

мемлекеттік есеп беру және тексеру

талаптарына және желі таралымына

тәуелді. ҮСД туралы қосымша

мәліметті www.nokia.com веб-

торабындағы өнім ақпаратының

ішінен табуға болады.